Бизнес • 01 Қыркүйек, 2023

Орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең - Қасым-Жомарт Тоқаев

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне тоқталып өтті, деп жазады Egemen.kz.

Орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең - Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: Kapital.kz

«Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек», деді Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес екенін де тілге тиек етті.

«Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек», деп нақтылады Қасым-Жомарт Кемелұлы.