Пікір • 01 Қыркүйек, 2023

Сөзден нақты іске көшу қажеттігін баса айтты – Хангелді Әбжанов

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Хангелді Әбжанов Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Сөзден нақты іске көшу қажеттігін баса айтты – Хангелді Әбжанов

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын көріп, тыңдап шықтым. Ақорданың жан-жақты талдауымен жазылған құжат деп қабылдадым. Бұған дейін ел дамуының 2050-ге дейінгі бағдарламасы дегенді ұран етіп желдірме сөзге көп ерген едік. Бұл жолғы Жолдау жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бағыттайтын бағдар екені айқындала түсті», дейді Хангелді Әбжанов.

Тарихшы Хангелді Әбжанов ескі Қазақстанда мақтангершілікке салынсақ, жаңа Қазақстанда енді атқарылмаған жұмыстарды жүзеге асыруға күш салу керек дейді.

«Бізге Президент айтқандай сөзден нақты іске көшетін кез әлдеқашан келді. Ауыл шаруашылығы саласындағы техниканың 80 пайызы ескіргенін Президент жайдан-жай айтқан жоқ. Ескіргендіктен жиі сынатын техникамен шаруалар қалай ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосады? Президент аграрлық саладағы басқа да түйткілді мәселелерді көтеріп, оларды шешу мақсатында тиісті тапсырма берді.

Елдегі туризмді дамыту ісі де тұралап тұр. Өткен жылы жер көлемі біздің елімізден әлдеқайда аз Түркияға 40 миллион турист барған. Ал бізге келетін туристердің саны 600 мыңға әзер жетеді. Тұмса табиғатымыз, туризмді дамытуға сұранып тұрған көрікті жерлер қаншама. Тек соған көңіл бөліп, назар аударып күш салғанда ғана елдегі туризм дамиды», деп түйіндеді Хангелді Әбжанов.