Фото: ашық дереккөз
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлауға қатысты өзерістер жайлы айтты. Бұл – мүлдем жаңа сайлау екенін айта кету керек. Бірақ мен 2021 жылдың 25 шілдесінен бастап Қазақстанда апта сайын ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау өтіп келе жатқанын еске салғым келеді», деді Нұрлан Әбдіров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Өз сөзінде Нұрлан Әбдіров бүгінде ауылдық әкімдік корпусының төрттен үші халықтың тікелей сайлауы арқылы қызметке кірісетінін тілге тиек етті.