Қоғам • 03 Қыркүйек, 2023

Сыртқы істер министрлері телефонмен тілдесті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Сыртқы істер министрлері телефонмен тілдесті

Екі елдің Сыртқы істер министрі  телефонмен сөйлесу барысында  Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың нығаюы мен дамуын,  өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді.