Пікір • 04 Қыркүйек, 2023

Мемлекеттің басты бағдары

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын біздің алдыңғы қатарлы дамыған ел, қуатты мемлекет болуымыздың өзекті әрі маңызды бағдары мен бағдарламасы деп қабылдадым.

Мемлекеттің басты бағдары

Өйткені әлемде болып жатқан қайшылықтар, дамыған елдердің бір-бірімен қырғи-қабақ ерегесуі, қарулы қақ­­ты­ғыстар қалыптасқан экономикалық және саяси жүйені ыдыратып, әлсіре­тіп жа­­тыр. Осының барлығы әлемнің да­муын те­жеп, кей жағдайда ауыр жағ­дай­ға әке­­ліп отырғаны анық. Тыныш­сыз әлем жағ­дайында еліміз бүгін және ал­дағы уақыт­та қалай дамуы керек? Бүкіл хал­­қы­мызды алаңдатып отырған осы сұ­рақ­қа Пре­зидент толық жауап берді. Ал­дағы уақыт­та еліміздің эконо­микалық қуа­тын арт­тырудың ең өзекті, өміршең де­ген мәсе­ле­лерді шешудің нақты жолдарын, ше­ші­луге тиіс мерзімі мен уақытын да нақ­­т­ылап көрсетті. Президентіміздің ха­лық­­ты толғандырып отырған және айты­лып жүр­ген жайды толық білетіндігіне көзім жетті.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру» сая­саты­ның алғашқы бір жемісі болса керек. Бізде жедел қолға алып, жап­пай кірі­сетін шаруа жетіп артылады. Осы орайда Президент халқымыздың тұр­мысын жақсартудың және елімізді дамытудың барлық өзекті мәселесін үлкен жауапкершілікпен және шынайы жанашырлықпен қозғады.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашы­лығы өнімдерін тереңдете өңдеу, өнер­кәсіп өндірісінің қуатын арттыру, отандық өнімдерді әлемдік рынокқа шығару, банк-қаржы жүйесін жетілдіру, суды ұқыпты жұмсау сияқты бүгінгі күннің күйіп тұрған мәселелерін шешу үшін ғылым мен озық технологияларды қолдану қажеттігін тағы да алға тартты.

Қоғамды біраздан бері алаңдатып, түрлі пікірлер туғызып жүрген атом электр стансасын салу-салмау мәселесі жал­пыхалықтық референдум арқылы шешілетіндігі ақылға қонымды. Бұл жайлы отандастарымыз ойларын анық айтатын болады. Бұл Мемлекет басшысының аса маңызды әрі күрделі мәселенің барлығы да тек халықпен ақылдасып, келісіп жасаймыз деген демократтық ұстанымына берік екендігін тағы бір дәлелдеп отыр.

Жолдауда айтылған әр мәселенің өзегінде халқымыздың бүгіні мен болашағы жатыр. Қазіргідей алмаға­йып әлемде алаңсыз өмір сүріп, мемлекетімізді нығайтып, оның тұрақты дамып, қуатты мемлекет болуымыздың тарихи жолы айқындалып отыр.

 

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі