Р.Оразов «Копер» сапында Андраж Руэдлдің орнына 46-минутта алаңға шығып командаластарымен бірге жеңіске жетті. Ойын барасында Макс Барисич (5-ші минут) және Матей Палчич (62-ші) қақпаны дәл көздеп, «Коперді» жеңіске жетелесе, ал «Домжале» сапында Тилен Клеменчич (43-ші) гол соқты. Осы жеңістің арқасында Р.Оразовтың командасы 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Домжале» 5 ұпаймен жетінші орынға сырғыды.
Айта кетейік, Оразов еркін агент құқығымен 28 тамызда «Коперге» ауысып, 2025 жылдың 31 мамырына дейін келісімшартқа қол қойды. 25 жастағы хавбек бұған дейін «Тобыл», «Ақсу», «Ақтөбе» және «Қайрат» командаларында ойнады. Тіпті ресейлік «Чайка» және латвиялық «Даугавпилс» сапында доп тепкен. 2021 жылдан бері ұлттық құрамаға шақырыла бастады.