Пікір • 04 Қыркүйек, 2023

Динара Сәдуақасова: Президент әрбір Жолдауында өскелең ұрпақты тыс қалдырмайды

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы ретінде мен әрқашан балалар мен жастарға қатысты жайттарға назар аударамын. Жалпы, Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында біздің өскелең ұрпақты міндетті түрде атап өтеді, биылғы Жолдауда да тыс қалдырмады.

Динара Сәдуақасова: Президент әрбір Жолдауында өскелең ұрпақты тыс қалдырмайды

Мемлекет басшысы атап өткендей, үйлесімді тұлға мен жауапты азаматты қалыптастыру негіздері балалық шақта қаланады. Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек. 

Сондай-ақ Жолдауда өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы мәселесі де көтерілді. ДДҰ мәліметтері бойынша, психикалық денсаулықтың бұзылуы 10-19 жас аралығындағы адамдар арасындағы барлық жаһандық аурулар мен жарақаттардың 16 пайызын құрайды.

Психикадағы кінәраттар негізінен 14 жасқа дейін пайда болады, бірақ мұндай жағдайлар көбінесе анықталмайды және емсіз қалады. Жасөспірім кездегі психикалық денсаулықтың бұзылуын елемеу ересек жаста жалғасатын, физикалық және психикалық денсаулыққа теріс әсер ететін, сондай-ақ толық ересек өмір сүру мүмкіндіктерін шектейтін салдарға әкелуі мүмкін.

2021 жылы 3 298 респондентті қамтыған әлеуметтік зерттеу жүргізген едік. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес әрбір 5-ші қазақстандық жасөспірім буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Мектепте буллингке ұшыраған балалар басқа балаларға қарағанда өздерін екі есе жалғыз сезінеді, түнде ұйықтай алмайды және сабаққа қатыспайды.

Президенттің білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу секілді бұл салаға нақты тапсырмалар бергеніне өте қуаныштымыз.

 

Динара СӘДУАҚАСОВА,

Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы