«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Еске сала кетсек, 1 қыркүйек күні Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бөлек екі жаңа министрлік болып қайта құрылды. Олар: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Көлік министрлігі.