Фото: ашық дереккөз
«Ақтөбе қаласында 4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды. Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», деп жазылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.