Әскер • 05 Қыркүйек, 2023

Суицидтің алдын алды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі, сержант Ерік Ысқа­қов 15-қабаттан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды.

Суицидтің алдын алды

Сержант мұндай тосын жайтқа Астана қаласының оңтүстік-шығыс шағын ауданындағы туыс­тарына келген кезде тап болған. «Күтпеген жерден жиенім көрші тұрған көпқабатты үйдің балконынан бір қыздың секірмек болып жатқанын айтып айқайлады. Мұны көріп кіреберіске жүгі­ріп барып, жеделсатымен 14-қа­бат­қа шықтым. 15-қабатқа баспал­дақпен көтерілдім. Қызға дыбыссыз жақындап келдім де, шап беріп ұстап, жерге түсіріп алдым», дейді Ерік Ысқақов.

35 жастағы әскери қызметші – төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыс қаласының оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қа­ты­сқан. Әскер саласында көп­ті көрген ол бұл жолы да уақыт­ты тиімді пайдаланып, оқыс жағдай­да батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.

Сержант Ысқақов өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қай­ғыдан құтқара алғанына қуанға­нын жасырмады.