Түркиялық ғалым, профессор Рамазан Коркмаз хабарлағандай, аталған жоғарғы марапат Дархан Қыдырәліге Халықаралық Түркі академиясын басқарған кездегі қызметі және Моңғолия Ғылым академиясымен бірлесіп жүргізген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Елтеріс Құтлық қағанның кешені мен бітіктасын ашқан еңбегі үшін берілген.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар Дархан Қуандықұлының түркі елдеріне ортақ оқулықтар әзірлеуге бастамашы болып, бауырластық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын да атап өтті.
Айта кету керек, аталған марапатты табыстау салтанаты Юнус Эмренің туған жері Анадолы аймағының Михаличчик елді мекенінде өтті.