Кездесу барысында Олжас Бектенов депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Мұрат Сағатұлы Балпанның кандидатурасын ұсыну туралы Президенттің хатын оқып берді.
Ашық дауыс берудің нәтижесінде 177 депутат Марат Ахметжановтың, 73 депутат Мұрат Балпанның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Жиналысқа барлығы 250 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Президент Жарлығымен Ахметжанов Марат Мұратұлы Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
Өңір активіне жаңа әкімді таныстырған Олжас Бектенов Марат Ахметжановтың құқық қорғау және қадағалау салаларында түрлі басшылық қызметтерді тиімді атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті.
Олжас Бектенов облыс басшылығы Президенттің халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға күш салуы қажет екенін айтты. Ақмола облысының әкімдігі өңір экономикасын дамыту, азаматтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, облыс орталығындағы жылу энергиясының тапшылығын жою, медицина саласын дамыту, тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, туристік әлеуетті нығайту, елорда маңындағы аумақтарды дамыту және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуі керек.
Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың жұмысы азаматтармен табысты байланыс орнатуға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделуі қажет екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Олжас Бектенов Марат Ахметжановқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі, сондай-ақ аймақтың бұрынғы басшысы Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысу үшін Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттық бағдарламалау сыни пікірді дамытады
Спорт • Бүгін, 08:55
Студенттерді жігерлендірген жүздесу
Білім • Бүгін, 08:50
Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Саясат • Бүгін, 08:45
Экономикалық байланыстарды тереңдететін игі қадам
Саясат • Бүгін, 08:40
Қазақстан-Германия: Еларалық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Саясат • Бүгін, 08:35
Әйелдер қанаты және ой таразысы
Қоғам • Бүгін, 08:33
Туризм • Бүгін, 08:30
Референдумға дайындық барысын талқылады
Референдум • Бүгін, 08:28
Әлеуметтің әуелгі арманы – әуежай
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Тауар биржалары мәселесі қаралады
Қаржы • Бүгін, 08:23
Туризм • Бүгін, 08:20
Үкімет • Бүгін, 08:18
Өңір және Жолдау жауапкершілігі
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Ұлт бірлігін бекемдеу бастамалары
Қоғам • Бүгін, 08:10
Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске атсалысады
ANTIKOR • Бүгін, 08:05
Жеңімпаздарға – лайықты құрмет
Үкімет • Бүгін, 08:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Ортақ Түркі әліпбиі: Декларацияға қол қойылды
Қоғам • Кеше
Президент «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Президент Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Президент • Кеше
Бас мүфти ең үздік қариға автокөлік кілтін табыстады
Зерде • Кеше
Қарағандыда аттракцион құлады, зардап шеккендер бар
Оқиға • Кеше
Жанат Элиманов ҚМА төрағасы қызметіне тағайындалды
Президент • Кеше
WorldSkills-2024: Колледж студенттері 7 медальон жеңіп алды
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды
Президент • Кеше
Елордада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Оқиға • Кеше
Жаңа фармацевтикалық зауыт: 200-ге жуық жұмыс орны ашылады
Инвестиция • Кеше
Су тасқыны: Ақтөбе облысында 16 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Ең көп көрермен жинаған жарыс түрі
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Кеше