Тағайындау • 06 Қыркүйек, 2023

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы әкімінің өкімімен Сарабеков Ерболат Сарабекұлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді

Фото: gov.kz

Ерболат Сарабекұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері», 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Есік қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің жетекші маманы, аталған ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы, басшысы, сол ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы, басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің басшысы лауазымында болған.