Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023

Депутат теміржол билеттерінің тапшылығын сынға алды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев елдегі теміржол тасымалындағы түйткілді мәселелерді көтеріп, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат теміржол билеттерінің тапшылығын сынға алды

Фото: https://www.parlam.kz/

«Жаз келсе болды теміржол тасымалына шағым көбейеді, жылда солай. Жолаушылар тасымалы құрамының көп бөлігі - кеңестік кезеңнің мұрасы. Жыл сайын біз вагондар паркін жаңарту мәселесін көтереміз, іске асыруға келгенде нәтиже жоқ. Қазіргі уақытта теміржол құрамының 60%-ы тозған, пайдалануға жарамайды. Ал министрлік пен ҚТЖ темір жол вагондары паркін түбегейлі жаңартуды 2030 жылға жоспарлап отыр екен. Ұлттық компания 1997 жылы құрылды, 26 жыл күткеніміз аздай, тағы 7 жыл күтуіміз керек.  Күткен күннің өзінде вагондар паркінің тиімді болатынына сенім аз. 2030 жылы қалған вагондар ескіріп, теміржол құрамы паркінің тозуы 80%-ға артып кетпейтініне кім кепіл?», деді депутат.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, тозығы жеткен вагондарға билет сатып алу арманға айналды.

«Билет тапшылығының азабын тартқан халықтың «Аманат» партиясына жолдаған арыз-шағымы тым көбейді. Билет тапқан күннің өзінде ескі вагондардың жағдайы қынжылтады. Жылдан-жылға азаматтардың ішкі туризмге деген қызығушылығының саны артқанын көріп отырмыз. Сондықтан сұранысты қамту үшін теміржол мәселесін түбегейлі шешуді сұраймыз», деп түйіндеді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02

ЮНЕСКО тізіміне енеді

Саясат • Бүгін, 09:02

Азаттықтың арқауы әділет

Тәуелсіздік • Бүгін, 09:00

Тарихи-танымдық байқау

Руханият • Бүгін, 08:50

Үздіктер анықталды

Спорт • Бүгін, 08:45

Шаңғы маусымы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Тылсым түйсік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30