Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.
1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
1999-2001 жылдары - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы.
2001-2004 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.
2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында - ҚР Ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.
2004-2021 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
2021 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары -Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.