Айбын • 07 Қыркүйек, 2023

Үздіктер марапатталды

213 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысып, ерекшеленген үздік жауынгерлерді марапаттады.

Үздіктер марапатталды

«Жағалау» полигонында өткен марапаттау рәсімінде министр күрделі оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауда көрсет­кен шыдамдылығы, батылдығы мен өз ісіне шын берілгендігі үшін әскери қызметшілерге алғыс айтты.

– «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында маңызды сынақтан абыроймен өте отырып, оқу жылы ішінде үйренген машықтарыңды көрсеттіңдер. Елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қарқынымыз бен шеберлігімізді арттыруымыз қажет. Әскери әлеуетті нығайту, әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, ұтқырлығын арттыру, үздіксіз жетілдіру және дамыту – міне, осылар Қарулы күштердің басты міндеті, – деп атап өтті генерал-полковник.

Қазақстан Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жауынгерлік шеберлігі мен жоғары моральдық рухы үшін әскери қызметшілер атаулы сағаттармен марапатталды. Салтанатты жағдайда Мемлекет бас­шысының атынан 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Айдос Исаевқа, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері, подполковник Тарас Рожновқа, 58012 әскери бөлімі понтонды көпір ба­тальоны командирінің орынбасары, майор Айдос Бақытбековке, 12740 әскери бөлімі 4 шабуылдау ротасының механик-жүргізушісі Дәурен Авкубаевқа, 53957 әскери бөлімі армия авиациясы армия эскадрильясының аға ұшқышы, капитан Еркебұлан Қалиақпаровқа бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Қорғаныс министрінің атынан инженерлік-позициялық батальоны штабының бастығы, капитан Ақжол Іңкәрбекке, 18404 әскери бөлімі 2 десанттық-шабуылдау ротасының аға маман-жүргізушісі, қатардағы жауынгер Саят Аманжанға, 63193 әскери бөлімі 7 па­рашюттік-десанттық ротасының старшинасы, 3-сыныпты сержант Бейбіт Сатымбековке, 10228 әскери бөлімі жөндеу цехының бастығы, майор Виталий Соколовқа, 73652 әскери бөлімінің технигі, сержант Батырбек Кенжебаевқа, 26363 әскери бөлімі арнайы өңдеу ротасының командирі, аға лейтенант Әлібек Қайраханға, 12881 әскери бөлімі байланыс взводының жүргізушісі, кіші сержант Қайыржан Сарыбайға, 48386 әскери бөлімі барлау тобының сержанты, аға сержант Ерхат Жұмағұловқа, Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының аға офицері, майор Есбол Қаңлыбаевқа, 16194 әскери бөлімі байланыс батальоны штабының бастығы, капитан Фазыл Сейфуловқа да атаулы сағаттар табысталды.

Ауқымды оқу-жаттығу барысында бө­лімшелер мен оған жұмылған күш құ­ры­лымдарын үйлестіруде қол жеткен құн­ды тәжірибе жеке құрамның кәсіби шебер­лігін, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал ететін болады.