Әскер • 07 Қыркүйек, 2023

Жауапты шеп – әуе қорғанысы

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда «Сарышаған» полигонында ТМД-ға мүше мемлекет­тердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі біріккен әскер­лерінің «Жауынгерлік достастық-2023» оқу-жат­тығуы өтеді.

Жауапты шеп – әуе қорғанысы

Әлемде болып жатқан қару­лы қақтығыстар бізге әуе қор­ғанысы жүйесінің маңызы қан­ша­лықты жоғары екендігін бай­қатып отыр. Өйткені қазір тек жойғыш ұшақтар ғана емес, алыс қашықтыққа жететін бал­лис­­тикалық зымырандар мен шабуыл­даушы дрондардың да қаупі күн сайын артып келеді. 

Оқу-жаттығуға еліміздің Қару­лы күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күш­тері зениттік-зымырандық ке­шендерінің жауынгерлік есептоптары да қатысады. Оның бел­сенді кезеңін Армения, Қыр­ғызстан, Ресей және Өзбек­стан­ның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақыламақ.

ТМД-ға мүше елдердің бі­рік­кен ӘШҚҚ жүйесі шеңбе­рінде оқу-жаттығуға жұмылған елдердің сыртқы шекараларын күзету бойынша бірлескен жауын­герлік кезекшілік жүзеге асырылады. Бұл іс-шара 1995 жылғы 10 ақпандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бі­ріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы келісімге сәйкес ұйымдас­тырылып отыр. Жоспар бойынша оқу-жаттығу екі жылда бір рет өтіп отырады.