Қоғам • 07 Қыркүйек, 2023

Сенат Төрағасы Албания Президентімен кездесті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Албания Республикасының Президенті Байрам Бегаймен кездесіп, өзара серіктестікті одан әрі нығайту және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы Албания Президентімен кездесті

Фото: https://senate.parlam.kz/

М.Әшімбаев Албания Қазақстанның Балқан түбегіндегі маңызды және сенімді серіктестерінің бірі екенін айтты. Екі ел парламентаралық деңгейде, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимылды одан әрі арттыру маңызды екеніне назар аударды.

«Екіжақты қарым-қатынасымыздың маңызды бағыттарының бірі парламентаралық байланыс екені анық. Біздің Парламенттің екі Палатасында да Албаниямен достық тобы құрылған. Албания Парламентінде де осындай құрылым құру өзара серіктестігімізді одан әрі нығайтуға ықпал етер еді. Біз тек екіжақты форматта ғана емес, сонымен бірге ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық Одақ сияқты халықаралық парламенттік ұйымдар аясында да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», деді М.Әшімбаев.

Кездесуде тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ауқымды бағыттарға назар аударды. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерге де баса мән берілді. Сенат Төрағасы Палатаның Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформаларды іске асыруға арналған заңнамалық жұмысы туралы айтты. Албания Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалап, барлық бағытта ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.