Футбол • 07 Қыркүйек, 2023

Қазақстан голы Еуро-2024 іріктеуінде ең әдемі деп танылды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның Yle Enheilu басылымы футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчында Данияға қарсы голын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан голы Еуро-2024 іріктеуінде ең әдемі деп танылды

Фото: sportx.kz

БАҚ қазақстандық жартылай қорғаушының голын ең әдемі деп таныды.

«Супер жұлдыздардың жоқтығына қарамастан, Қазақстан футболшылары өзге құрама мүшелерінен ерекшелене алды. Асхат Тағыбергеннің даниялықтардың қақпасына соққан «зеңбірек соққысын» барлық біліктіліктегі ең әдемі гол деп санауға болады», деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Қазақстан құрамасы Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңген еді.