Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдіктің мәліметінше, биыл тамыз айында қалада 636 жарнамалық элемент анықталған. Үш мыңнан астам маңдайша мен сыртқы жарнама элементі бөлшектелген.
«Ғимараттардың қасбетінен сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Мұндай өзгерістер қаланың көркін арттыра түседі. Бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізіп жатыр. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмысы жүргізіледі, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі», делінген әкімдік таратқан ақпаратта.