Спорт • 10 Қыркүйек, 2023

«Әке, ана және мен – спортшымыз шетінен» атты отбасылық сайыс өтті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отбасы күніне орай «Алатау» спорт сарайының жеңіл атлетикалық манежінде «Әке, ана және мен – спортшымыз шетінен» атты көңілді отбасылық сайыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әке, ана және мен – спортшымыз шетінен» атты отбасылық сайыс өтті

Фото: telegram.org

Іс-шараға ІІМ департтаменттерінен, ҚАЖК және Ұлттық ұланнан 12 команда қатысты. Спартакиаданы құттықтау сөзбен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен Қазақстан Республикасы ІІМ және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ашты.

«Тәртіп сақшыларының отбасылары үш кезең бойынша сынға түсті: эстафета, дартс, арқан тарту. Жарысқа қатысушылар төзімділік танытып қана қоймай, отбасы ұғымының олар үшін қастерлі екенін аңғартты. Көңілді флешмоб, аниматорлармен қызықты ойындар балаларға керемет мереке  сыйлады. Марапаттау рәсімінде қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады», деп мәлім етті ведомстводан.