Технология • 11 Қыркүйек, 2023

Тіл және технология

424 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тіл – тірі ағза. Заманмен ілесіп өмір сүреді. Кейінгі жылдары әлемдегі алпауыт IT компаниялардың жетістіктері қазақшаланып жатыр. Бұл үдеріс тілдің қолданыс аясын кеңейтетіні анық.

Тіл және технология

Әртүрлі салаларда қа­зақ тілінің үлесі артып ке­ле жатқаны байқалады. Соның бірі – технология саласы. Мәселен, жақында ғана жастар арасындағы ең танымал TikTok платформасына қазақ тілі енгізілген болатын. Әрі әлеуметтік желі қазақтілді контентті қа­лыптастырушыларға өте үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі кезде қазақ ті­лін дамытуға арналаған бірнеше ауқымды жоба бар. Сондай-ақ әлем назарын аудартқан ChatGPT-дің алғашқы қазақша баламасы да пайда болғанын айта кетейік.

TikTok ел азаматтары көп қолданатын әлеуметтік желінің бірі болғандықтан, бұған қазақ тілінің енгізілуі елеулі жаңалық. Сонымен қатар бұрыңғы Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің бастамасымен TikTok трендтерін қа­зақшаландыру мақсатында #Наурыз #Кітапток, «Мың бала» жобалары жүзеге асырылғанынан хабардар­мыз. Сонымен қатар Insta­g­ram әлеуметтік же­лісі ар­қы­лы қазақ тілінің шұ­бар­ланбауына, насиха­т­­та­луы­на үлес қосып жүр­ген Qazaqgrammar жобасы бар. Қазіргі кезде бұл па­рақ­ша­­­­ны 66 мың адам оқиды.

Кейінгі кездері жасан­ды интеллектіні игеруге де баса мән беріліп келе­ді. Мемлекет басшы­сы Жол­дауында: «Жасан­ды ин­теллектінің мүм­кін­­дік­терін толық пайда­лан­сақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Кемінде үш белгілі жоғары оқу ор­ны жасанды интел­лект са­ла­сына қажетті кадр даяр­лаумен және зерт­­­­теу­лер жүргізумен ай­­­на­­лы­суы керек», деп тап­­сырма берді. Бұл бағыт­та жетістік­теріміз де бар­шы­лық. Со­ның бірі – Askify.kz. Бұл – әлемге та­нымал ChatGPT жасанды интеллектісінің қа­зақ­ша баламасы. Жоба автор­­ларының айтуынша, ChatGPT қазақша сұраққа дұрыс жауап бере алмаған әрі жауабы тым түсініксіз болған. Орысшаның өзіне қатемен жауап береді. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін қазақша баламасы әзірленген.

ChatGPT шыққан кез­де оған қарапайым жұрт­шылық былай тұрсын, IT-салада жүрген маман­дар­дың өзі мән бермеген еді. Бірақ аз уақыттың ішін­­де чат-бот қандай мүм­кін­діктерге ие екенін көр­се­тіп үлгерді.

– Осындай игілікті қа­зақтар неге қолданбайды деген ой келді. Қазіргі нұс­қаны жасауға осы жыл басынан бері екі жарым айдай уақыт жұмсадық. ChatGPT-дің «ана тілі» – ағылшын тілі. Ол ағылшын тілінде өте керемет жауап береді. Себебі білім мен ақпарат дәл осы тілде кең таралған. Қытай, жапон, хинди секіл­ді тілдерде де толымды жауап беруге тырысады. Ал қазақ тілі секілді ақпа­раты аз, қол­данысы тар тіл­дерде қате­мен немесе түсі­ніксіз «тіл қатады». Askify.kz-ке ана тілімізде де, сондай-ақ ағылшын жә­не орыс тілдерінде де ба­рынша сауатты жауап ұсы­нады. СhatGPT-тен айыр­­машылығы – мұнда то­лық­қанды чат сипатында сөй­лесе аласыз, – дейді жоба авторлары.

Әзірге технология же­тістіктері қазақ тіліне ауда­рылып қана келеді. Бо­ла­шақта технологияның ана тілі – қазақ тілі болады деп сенеміз. Қазіргі жас­тардың ІТ-саладағы аяқа­лысына қарап осындай ой түюге болады.