Фото: Inbusiness.kz
Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазақстанда жетекші түрік университеттерінің филиалдарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Түркияның жоғары оқу орындарымен қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша тиімді ынтымақтастық жүргізіледі. Соңғы үш жылда Түркияда білім алатын қазақ студенттерінің саны 2900-ден 8200-ге дейін өсті», деді министр брифинг барысында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапармен келгенін хабарлаған едік. Бұл оның Қазақстан Республикасына алғашқы сапары болды.