Қоғам • 11 Қыркүйек, 2023

Министр Аида Балаева хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында оқушылардың мектепке хиджаб киіп баруына  қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Аида Балаева хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

«Ата Заңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз–зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді, өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлылықты талап етеді», деп жазды министр.

Осы тұста министр ел Конституциясы бойынша мектептің міндеті–оқушыларға сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Мектепте бала ең алдымен сапалы білім алу керек. Содан кейін барып, ержете келе, діни наным–сенімін, қандай киім үлгісін киетінінін өзі шешеді деп ойлаймын», деп түйіндеді Мәдениет және ақпарат министрі.

Бұған дейін аталған мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми мәлімдемесін жариялаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25