Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023

Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды

Фото: https://t.me/KZgovernment/7295

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі. 

2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы. 

2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.

2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2020-2022 жылдары – Astana IT University ректоры қызметінде болды.

2022 жылдың 1 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.