Қаржы • 13 Қыркүйек, 2023

KASE: Доллар тағы қымбаттады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың орташа сараланған бағамы 2,84 теңгеге қымбаттап, 463,93 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап. 

KASE: Доллар тағы қымбаттады

Фото: ашық дереккөз

Ақша айырбастау орындарында доллар 464 - 467 теңге, еуро 498,5 - 503 теңге, ресей рублі 4,79 - 4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

13 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,68%-ға өсіп, барреліне 92,69 доллар болды.