Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023

Оралда есірткі сатқан оқушы ұсталды

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында есірткі ұнтағын сатқан 16 жастағы мектеп оқушысы ұсталды. Ол тыйым салынған затты жасырын орындарға қойып кету кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Оралда есірткі сатқан оқушы ұсталды

Фото: https://polisia.kz/

Елімізде 1 маусым мен 30 қазан аралығында «Қарасора - 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп келеді.    

«Кешенді жоспар аясында есірткі қылмысына қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. Республика аумағында есірткі дақылдарын өсіретін жерлерді және олармен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталады. Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция департаментінің қызметкерлері 94 есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтады, оның ішінде 44 қылмыс және 55 қылмыстық әрекет анықталды», делінген ақпаратта.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-профилактикалық шара барысында 11-сынып оқушысы ұсталды.

«Ол қылмыс үстінде ұсталды, оны жеке тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған 2 қаптама табылып, тәркіленді. Оның телефонын тексеру кезінде жасыру орындарының координаттары анықталды, оның көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді. Сараптама бойынша тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.