Туризм • 14 Қыркүйек, 2023

Қазақстан азаматтары Таиландқа визасыз бара алады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары Таиландқа визасыз бара алады

Фото: Shutterstock

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізеді.

«Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет. Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс», делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45