Сенат • 14 Қыркүйек, 2023

Су тапшылығын болдырмау үшін тоспа салу керек – Руслан Рүстемов

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында депутат Руслан Рүстемов Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, Қызылорда облысының тұрғындары су тапшылығын тартып отырғанын айтты. Депутат мәселені шешудің жолын да ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тапшылығын болдырмау үшін тоспа салу керек – Руслан Рүстемов

Фото: ашық дереккөз

Арал – Сырдария бассейніндегі судың азаюы, Көксарай су реттегішінің техникалық жағдайының төмендігі Қызылорда облысындағы тұрғындардың тіршілік нәріне деген зәрулікті туындатып отыр. Сенатор аймақта судың тапшылығы күш алмау үшін маңызды шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

«Қызылорда облысында су тапшылығы бойынша қалыптасқан күрделі жағдайды шешу мақсатында қысқы-көктемгі кезеңде тасқын суларды жинақтау аса маңызды. Ол үшін «Қараөзек» су арнасында 3 су тоспасын қалпына келтірген жағдайда 1 млрд м3 дейін тасқын суларды жинақтауға болады. Су ресурстары комитеті Қаржы министрлігіне Қараөзек арнасында салынатын су қоймасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды ұсынды. Аталған мәселенің оң шешімі табылған жағдайда Қазалы ауданында 31 мың га суармалы, 120 мың га шабындық және жайылымдық жерді суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету, вегетациялық кезеңде Арал теңізіне су жіберу  мүмкіндігі  артады», деді депутат.