Президент • 14 Қыркүйек, 2023

Орталық Азияның өнеркәсіптік кооперациясын дамыту керек – Президент

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіндегі баяндамасында өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев баяндамасында өнеркәсіп кооперациясын жандандыруға  бағытталған жоспарды жүзеге асыру маңызды екеніне тоқталды.

Орталық Азияның өнеркәсіптік кооперациясын дамыту керек – Президент

Фото: Akorda.kz

«Бүгінде жаһандық өндірісте қысқа, аймақтық, орнықты жеткізу тізбектерінің қалыптасу үрдісі байқалады. Осы орайда азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және химия өнеркәсібі салаларында тауар өндіру бойынша кластерлік кооперациялық жобалар жасау ісінің әлеуеті зор», деді Мемлекет басшысы.

Президент Орталық Азия мемлекеттерінің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу керектігін айтты.

«Бұл жоспар тауарлардың жекелеген түрлерін өндірудің тұйық циклін қалыптастырып, алдағы уақытта үшінші елдердің нарықтарына экспорттауға бағытталар еді», деді Мемлекет басшысы.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50