Президент • 14 Қыркүйек, 2023

Президент тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президент тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынды

Фото: akorda.kz

«Бірлескен жұмыстың нақты бағыттарына қатысты өзімнің ұсыныстарымды ортаға салғым келеді. Елдеріміз арасындағы сауда-саттық қарқынын дәйекті түрде ұлғайту қажет», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы аталған салада айтарлықтай нәтиже бар екені байқалатынын, аймақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда тұрақты түрде өсіп келе жатқанын, өзара тауар айналымын алдағы уақытта 15 миллиард долларға дейін жеткізу үшін мол мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, Қазақстан өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алады.

«Елдеріміздің іскер топтары сауда айналымын кеңейтетін негізгі жетекші күш болуға тиіс деп санаймын. Сондықтан, менің ойымша, оларға қолайлы орта қалыптастыру жұмысына баса мән беру керек. Кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату үшін тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынамыз. Мысалы, оны Central Asia Gateway порталы аясында іске асыруға болады», деді Президент.