Президент Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықты белсенді түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қырғызстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғанын еске салып, қазір Тәжікстанның жоғары оқу орындары базасында бірлескен факультеттер ашу ісі қарастырылып жатқанын жеткізді, Қазақстан мен Өзбекстанда екі елдің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу көзделіп отырғанын да тілге тиек етті.
«Бұл маңызды саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге біздің Душанбедегі кездесуіміз аясында 2-ші Ректорлар форумы мен Орталық Азия елдері ғалымдарының 1-ші форумын өткізу өз септігін тигізеді», деп қосты Мемлекет басшысы.