Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023

Аида Балаева V Будапешт демографиялық саммитіне қатысты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстан астанасында «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында V Будапешт демографиялық саммиті өтіп жатыр. Оған 60 елдің өкілдері, оның ішінде Болгария Президенті Румен Радев, Италия Премьер-министрі Джордж Мелони, Танзания Вице-президенті Филип Исдор Мпанго, сондай-ақ Үкімет мүшелері, дін қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары жиналды. Венгрия тарапының шақыруы бойынша саммит жұмысына Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева V Будапешт демографиялық саммитіне қатысты

Будапешт демографиялық саммиті Мажарстан Президенті Каталин Новактың қолдауымен екі жылда бір рет ұйымдастырылып тұрады. Жиында әлемнің түрлі елдерінің саясаткерлері, сарапшылары, дін қайраткерлері, бизнес, ғылым және БАҚ өкілдері демография мәселелерін және отбасы институтының дамуына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайды.

Осы жылы 14-15 қыркүйекте қатысушылар болашақ ұрпақ пен отбасы үшін қауіпсіз, жарқын болашақ құру туралы өз ойларын ортаға салады.

д

Аида Балаева отбасылық саясат мәселелері жөніндегі интерактивті сессияда сөз сөйлейді. Сессияға Венгрия, Қатар, Түркия, Сербия, Марокко, Словения, Тунис, Эквадор министрлері қатысады. 

ж