Артынша аса ауыр жағдайда жатқан жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласынан жоғары білікті екі дәрігер жіберген болатын. Полиция оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған. Қауіпсіздік шараларын қадағалай алмаған Ұзынкөл ауданының әкімі қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Ал әкімнің орынбасары мен мерекелік іс-шараның ұйымдастырылуына тікелей жауапты маман қызметінен босатылды.
Өкінішке қарай, дәрігерлер ажалға араша түсе алмады, 12 қыркүйекте жеткіншектің қайтыс болғаны туралы суық хабар алдық. Полиция көбік шашу кешінде кәмелетке толмаған баланы электр тоғының соғуы туралы сотқа дейінгі тергеуді қайта қарап жатыр.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ұзынкөлдегі оқиғаға қатысты тергеу бұған дейін Қылмыстық кодекстің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» қылмысын қарастыратын 306-бабтың 2-бөліміне сәйкес жүргізіліп келсе, енді абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған іс-әрекет ретінде осы баптың 3-бөліміне ауыстырылған.
Бұл бап бойынша баланың өліміне кінәлілер төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қостанай облысы