Пікір • 15 Қыркүйек, 2023

Сапалы маман даярлау жауапкершілігі

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жаңа Жолдауында мұны ерекше айтты.

Сапалы маман даярлау жауапкершілігі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жоғары оқу орындарындағы білім сапасын әлемдік деңгейге сай жетілдіру қажеттілігін өмірдің өзі талап етіп отыр. Президент те бо­ла­шақ дамуымыз білім саласында инновация жетістіктерін кеңінен пайдалануға байланысты екенін ескертті. Әсіресе білім беру сала­сын­дағы көптеген өзгеріс жоғары оқу орындарындағы күрделі мәселелерді анықтап берді. Жолдауда даярланатын мамандардың сапасына, үздіксіз білім мен ғылыми жетістіктерді игерудің ұлттық экономикаға  тигізетін әсеріне, саланы жетілдірудің ма­ңыз­ына тоқталды. Қазіргі кезде бас­қарудың заманауи әдіс-тә­сіл­­дерін мең­герген мамандарға деген қажет­тілік күннен-күнге артып келеді.

Жолдаудағы міндет­тер ҚазҰУ-да бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, жаңа білім бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазір университеттің ме­нед­жмент кафедрасында Болон үдерісіне сәйкес, шетелдің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, білім бағдарламасы стандартын тәжірибе жүзінде шыңдауға қол жеткізіп отыр.

Студенттер, магистранттар, док­торанттар АҚШ (Вашингтон), Ита­лия, Нидерланд, Польша, Ресей (РУДН), Чехия мемлекеттерінің уни­вер­­ситеттерінде білім алмасу бойынша академиялық тағылымдамадан өтіп жатыр. Университетіміз Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсын­да 75 жобаны жеңіп алды. Оның ішін­де менеджмент кафедрасының ға­лым­да­ры үш жобаны орындайды.

Экономика және бизнес жоғары мектебінде теориялық және қол­дан­балы пәндерді оқытуды акаде­мия­лық дәстүрге сай жоғары деңгейде  жүзеге асырып келеді. Университет жоғары білікті кадрларды даярлаудың үздік отандық тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік қызметке маман даярлаудың құзыреттілігін қа­лып­тас­ты­руға ұм­ты­лып келеді.

Менеджмент кафедрасының про­фессор-оқытушылары Мем­­­ле­кет бас­­шы­сының ел экономикасын жан-жақты талдап, дамудың стратегиясын көрсеткен Жолдауын жүзеге асыру ба­ғы­­­тында ғылыми-педагогикалық шеберлігін, ізденісін арттырады деп сеніммен айта аламыз.

 

Оңалбек АБРАЛИЕВ,

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ менеджмент кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы