Сайлау • 15 Қыркүйек, 2023

5 қараша – аудан және қала әкімін сайлау күні

483 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауын­да аудандар мен облыстық маңыз­ы бар қалалардың әкімдері сайла­на­ты­нын мәлімдеген болатын. Кеше осыған орай Орталық сайлау комис­сиясының отырысы өтіп, саяси бәсе­кенің жай-жапсары түсіндірілді.

5 қараша – аудан және қала әкімін сайлау күні

Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Әділет, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, сондай-ақ саяси партиялар мен бұқара­лық ақпарат құралдарының өкіл­дері қатысқан отырысқа облыстар, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері бейнеконференция режі­мінде қатысты.

Отырысты ашқан Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысының аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкім­дерін тікелей сайлау өткізу туралы бастамасы мемлекеттік бас­қару­ды орта­лықсыз­дандыруға және азамат­тардың жергілікті атқару­шы билік деңгейінде шешімдер қабыл­дауға тікелей қатысуын кеңейтуге бағыт­талған саяси реформалар үдері­сінің маңызды кезеңі екенін атап өтті.

вп

Бұл сайлауды өткізу үшін қажетті құқықтық база өткен жы­лы қалып­тасқан. Өкілет­тік­терге сәйкес 17 об­лыс­тың мәсли­хаттары қанатқақты режім­де сайлау өткізу үшін 45 аудан мен об­лыстық маңызы бар қалалардың тіз­бесін бекітіп, сайлау күнін 5 қарашаға белгіленді.

Отырыста ОСК төрағасы­ның орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, «Сай­лау туралы» Конституциялық заңның 113-1-бабына сәйкес сайлауды тағайындауға қанатқақты өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі негіз болады. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды. Сайлау күні туралы хабарлама жергілікті БАҚ-та жарияланады.

Сайлау науқанының әр кезеңі­не тоқтаған Константин Петров: «Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін бас­талады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Егер ұсыну мерзімі аяқталған күнге әкімге екіден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады», деді.

Үміткерлер екі жолмен ұсы­нылуы мүмкін. Бірінші – өз мүшелері арасынан белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялармен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Екіншісі – дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1% қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. «Бұл ретте жоғары тұрған әкім ұсыныл­ған кандидаттар болмаған не ұсы­ну мерзімі аяқталған күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы», деді К.Петров.

Кандидаттарды тіркеу сайлау комиссиясы барлық қажетті құжатты алғаннан кейін баста­лып, сайлау күніне 25 күн қал­ған­да жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Кан­дидат­тардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқ­талған сәттен басталып, сайлау күні­не дейін жергілікті уақыты бойын­ша нөл сағатта аяқталады. Ал сай­лау қорытындыларын аудан­ның (қаланың) аумақтық сайлау ко­мис­сиясы үш күн ішінде белгілейді.

Басқа кандидаттармен салыс­тырғанда дауыс беруге қатысқан сай­лаушының көп дауысын жи­на­ған кандидат сайланған әкім болып саналады. Сон­дай-ақ Ортсайлауком аудан­дар, облыс­тық маңызы бар қала­лар әкім­дерін сайлау бойынша сайлау құжаттарының 16 нысанын бекітті.

Жиында ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов аудандар, облыс­тық маңызы бар қалалар әкім­деріне кандидатқа қойы­ла­тын талаптар туралы баяндады. Конституциялық заңның 113-2-бабына сәйкес мемлекеттік қыз­мет саласындағы заңнаманың талап­тарына сәйкестігін тексеру үшін әкімге кандидат тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тізбесі бірлескен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 бұйрығымен және Орталық сайлау комис­сия­сының 2021 жылғы 22 маусым­дағы №4/407 қаулысымен белгі­ленген құжаттарды ұсынады.

«Мәселен, талаптарға сәйкес әкімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы Қазақстанның 25 жас­тан кіші емес азаматтары арасынан сайлайды. Конституцияға сәйкес сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ», деді ОСК өкілі.

Конституциялық заңға сәйкес заңда белгіленген тәртіп­пен өтелмеген немесе алын­баған соттылығы бар, заңда белгі­ленген тәртіппен сыбайлас жем­қорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсі бар адам әкімге кандидат бола алмайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов канди­даттарға қойылатын біліктілік талаптары туралы түсіндірсе, ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау үдерісінің басқа да қатысушыларын электоралды оқыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Оның мәлімдеуін­ше, бүгінгі таңда Электоралды оқыту орталығымен бірлесіп екі республикалық оқыту семинары ұйымдастырылған. «Оқыту мазмұны әкімдер сайлауын өткізу, оларды іс жүзінде қолдану бөлігінде заңнаманың новелла­ларын түсіндіруді қамтыды. Сон­дай-ақ сайлау құжаттамасын ресімдеу және сайлау үдерісіне қатысушылармен тиімді коммуникациялар бойынша тренингтер өткізілді», деді ол.

Аудандар мен облыстық маңы­зы бар қалалар әкімдерінің сай­лауын ұйымдастыру және өт­кізу мәселелері бойынша құ­қық­тық нормалардың, ақп­а­рат­тық материал­дардың, прак­тикалық ұсы­ным­дардың жиын­тығын қам­ти­тын Оқу-әдістемелік кешен де әзірленіп, құжат сайлау кезеңіне арналған әдістеме­лік құрал ретінде ОСК сайтына орналастырылған.

Сәбила Мұстафинаның айтуынша, оқыту іс-шаралары­ның циклі науқан кезеңінде де жалғасады. Осылайша, ОСК интернет-ресурсы арқылы әкім­дер сайлауын ұйымдастыру­ға және өткізуге тартылған аумақтық және учаскелік сайлау комис­сия­­ларының мүшелері үшін Қа­шық­­тықтан оқыту және тесті­леу ұйым­дастырылады, сон­дай-ақ Электоралдық оқыту орталы­ғы­ның базасында барлық облыстың және 45 ауданның және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлауком мүшелеріне арналған бірқатар онлайн-семинар өтеді.

Сайлауды ақпараттық сүйе­мел­деу мәселесіне тоқталған ОСК мүшесі Анастасия Щегор­цова Конституциялық заңға сәй­кес жариялылық пен ашықтық сай­лау комиссиялары қызметінің не­гізі болып табылатынын атап өтті.

«Сайлау комиссияларының отырыстары ашық форматта өтеді. Оған кандидаттар, с­енім білдірілген адамдар, бай­қау­шы­лар, бұқаралық ақпа­рат құ­рал­­дарының өкілдері қатыса ала­ды. Сайлау комиссиялары мүд­делі тұлғалардың өз шешім­дерімен еркін танысуы үшін барлық жағдай жасауға тиіс», деген ОСК мүшесі аумақ­тық сайлау комиссияларына осы науқанды ақпараттық қам­­тамасыз етудің, түсіндіру жұмыс­тарының және дауыс беру күні туралы ақпараттандырудың негізгі аспектілерін жеткізді. Сондай-ақ сайлау үдерісіне қатысушылардың ақпарат алуы­на және аумақ­тық сайлау ко­мис­сияларының интер­нет-бет­терін біркелкі толтыруы­на ыңғайлы болу мақсатын­да тиісті бөлімдер мен бөлімшелерді құру, құжаттарды орналастыру және беттерді одан әрі толтыру жөніндегі нақты алгоритмді көрсететін тиісті нұсқаулық әзір­ленгенін атап өтті.

ОСК төрағасы аумақтық сайлау комиссияларының төраға­лары­на сайлау үдерісінің барлық қатысу­шысына сайлау туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамта­масыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров Мәдениет және ақпарат министрлігін­дегі әріптестердің назарын сайлау науқанын уақтылы және толық ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге аударды.

Сайлауды дайындау және өткізу кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініш­терін қарау туралы жан-жақты түсіндіріп өткен ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырысқа қатысушыларға өтініштер мен шағымдарды қарау, қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайта­рып алу тәртібі «Сайлау туралы» Конституциялық заңмен және Әкімшілік рәсімдік-үдерістік кодекспен реттелетінін еске салды. Сондай-ақ ол Конституциялық заң талаптарына сәйкес аумақтық сайлау комиссиялары төмен тұрған аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қыз­меті­не басшылық жасайтыны­на, учас­келік сайлау комис­сия­лары­ның шешімдері мен әрекет­теріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайтынын атады.

Өз кезегінде учаскелік сайлау комиссиялары сайлауды ұйым­дастыруды және өткізуді қам­тамасыз етеді және дауыс беруді дайындау және ұйымдас­тыру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарап, олар бойынша шешімдер қабылдайды.

Отырыс барысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман бұл сайлауда алдыңғы науқандардың тәжірибесіне сүйене отырып, халықаралық байқаушылардың миссиялары тек елдік сайлау науқандарына қызығушылық танытатынын атап өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауда олар әдетте, мониторинг жүргізбейді.

Отырысты қорытындылаған Нұрлан Әбдіров ОСК және сайлау үдерісіне тартылған орталық мем­лекеттік және жергілікті ат­қ­а­рушы органдардың алдында ауқымды міндет тұрғанын атап өтті. «Елімізде мұндай сай­­лау алғаш рет өткізілгелі отыр. Осыған орай комиссия тара­­­пынан нормативтік және әдіс­­те­мелік қолдаудың барлық кеше­­ні көрсетіледі. Бұл ретте Ор­­та­­лық сайлау комиссиясы ал­да­ғы сайлаудың заңдылығын, ашық­­­тығы мен әділдігін қатаң бақы­лайтын болады. Өткен нау­қан­дардағыдай әкімдерді сайлау өткізілетінін аудандар мен қалаларға инспекциялық сапарлар жүргізіледі», деген ОСК төрағасы сайлауды ұйымдастырушылар жұ­мысының маңызды басым­дық­тарының бірі ретінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге назар аударды.