Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023

Шымкентте жалған ақша сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының екі тұрғыны 4000 еуро сомасында жалған ақша (номиналы 500 еуро банкноталар) сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте жалған ақша сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Бұған дейін 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша сатқан.

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген азаматқа халықаралық іздеу жарияланып, наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытуға және қолма-қол ақшаны мұқият қайта санап алуға шақырады.

Жалған ақша тауып алсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспаңыз.

ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Жалған купюра тапсаңыз, дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.