https://www.ijf.org/
Ерлер арасында 60 келіде Мағжан Шамшадин, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев, 73 келі салмақта Данияр Шамшаев, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, 90 келіде Дидар Хамза, 100 келіде Нұрлыхан Шархан, аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай медаль үшін белдеседі.
Қыздар арасындағы додада Әбиба Әбужақынова 48 келіде, Ғалия Тынбаева 52 келіде, Севара Нышанбаева 57 келіде, Эсмигүл Куюлова 63 келіде, Анастасия Маякова 70 келіде, Аруна Жангелдина 78 келіде, Камила Берліқаш 78 келіден жоғары салмақта күреседі. Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жазғы Азия ойындарына баратын балуандарды іріктеу әлемдік деңгейдегі сайыстарда көрсеткен нәтижесіне қарай жүргізілгенін мәлімдеді.
Қазақстан спортшылары жазғы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Дзюдо спортынан әзірге тек екі алтын медаль бұйырды. 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Елдос Сметов 60 келіде алтын алды. 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен жазғы Азия ойындарында Дидар Хамза (81 келі) алтын медаль олжалады. Күміс, қола медаль еншілеген балуандарымыз да аз емес. Бұл жолы кімнің бағы жанарын Қытайдағы «Азия олимпиадасы» айқындайды.