Теннис • 16 Қыркүйек, 2023

Дэвис кубогы: Скатов Кузматовты жеңді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Тимофей Скатов (123 ATP) бүгін Дэвис кубогы турнирі аясында Димитар Кузмановпен (179 ATP) ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дэвис кубогы: Скатов Кузматовты жеңді

Фото: ktf.kz

Екі сағат 46 минутқа созылған кездесу Софиядағы (Болгария) Ұлттық теннис орталығының сазды кортында өтті. Тимофей Скатов үш сетте Кузматовты жеңді. Ойынның жалпы есебі 3:6, 6:4, 6:3 болды.

Айта кетейік, келесі жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің үстел теннисі тарихында алғаш рет Алматыда ең үздік шағын ракетка шеберлерінің қатысуымен Азия чемпионаты өтеді.