Спорт • 17 Қыркүйек, 2023

Қанжығамыз майлануы мүмкін

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның Белград қаласында  күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні кілемге шыққан балуандарымыздың арасынан  Дастанбек  Өсімжан (61 келі) мен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола медаль үшін күресті жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанжығамыз майлануы мүмкін

Фото: https://uww.org/

Дастанбек жұбаныш белдесулерінде  болгар  Стилиан  Янчик, жапон  Кодай Огава,  қырғыз  Тайырбек  Жұмашбекұлын жығуы тиіс. Ал Азамат жартылай финалда сүрінгендіктен жұбаныш белдесулерінде жеңіске жеткен балуанға қарсы күреседі. Еркін күрес  балуандарынан кілемге  енді Мейрамбек Қартбай (57 кг), Нұрқожа Қайпанов (74 кг), Болат Сақаев (79 кг) пен Ризабек Айтмұхан (92 кг)  шығады.  Сербия астанасындағы палуандар додасы 24 қыркүйекте аяқталады.

77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы әлем чемпионатының  медалі мен Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы үшін күреске түседі.

Сербия елі  былтыр  да 10-18 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен  әлем чемпионатын осы Štark Arena спорт кешенінде өткізген болатын.