Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023

Жамбыл облысында діндар әйелдер арасында семинар ұйымдастырылды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-15 қыркүйек аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Жамбыл облысында діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар өтті. Оған дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында діндар әйелдер арасында семинар ұйымдастырылды

Жиында РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – А.А. Кеңесбаева, Л.Е. Ұзақбаева, Ж.Ә.Садыкова,  А.Ф.Бейсембі, К.Е. Мырзабаева қатысты. л

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Тараз қаласы, Меркі, Сарысу, Жамбыл аудандары, Бірлесу-еңбек, Аса ауылдарының колледж және университет студенттері, жастар ресурстық орталығының жастары, өңірдегі аурухана қызметкерлері, медреседегі әйел жамағаты және т.б қатысушылар арасында семинарлар және кездесулер өтті.

Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына теріс діни ағымдардың белгілері, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін түсіндіру, дәстүрлі діндердің рухани құндылықтары туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақ қойылып, тұщымды жауаптар алынды.