«Акцияның мақсаты – қоғамның көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, жастарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру», деген аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жәнібек Айқожаев көзге оғаш қоқыстың жоқтығын, сондықтан жер түбінен келетін туристер үшін ұялмауға болатындығын атап өтті.
«Мұндай игі іс-шара кісі қарасы көп базарлар мен ойын алаңдары, қоғамдық орындарда жиі өткізіліп тұрса, әр адамның қоршаған ортаны қадірлеп, тазалық сақтауына түрткі болады», дейді орталық жетекшісі.
Республикалық акция аясында басталған аумақтарды тазарту сенбілігі өңірдің барлық ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңір жастары белсенділік танытты.
Экологиялық акцияға Алматы облысы және Шарын шатқалы бойынша 3144 адам қатысты. Оның ішінде мыңға жуығы мемлекеттік қызметкер болса, 1166 волонтар мен 1130-ы – елді мекен тұрғыны. Бір күн ішінде экоакция кезінде 1039 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Алматы облысы