Фото: kuat__khamitov
Әлеуметтік желіде бейне үндеу жасаған спортшы еліміздің абыройын асқақтатып, Әнұранымызды шырқатып, байрағымызды желбіреткен Ризабек Айтмұханға әлем чемпионы атанғаны үшін 1 миллион АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы берілуі керек деді.
«Бізде ешқандай нәтиже өнбейтін, балалар қызықпайтын спорт түрлеріне де миллиондап қаражат бөлінеді. Кешегі Ризабектің мұқым қазақты риза еткен жеңісі қандай құрметке де лайық. Сондықтан Туризм және спорт министрлігіне спортшының жеңісі үшін 1 миллион АҚШ долларын сыйға тартуы керек. Біз бұл жеңісті 32 жыл күттік. Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атамыз да осы жеңісті армандады, қазақ баласы әлем чемпионы атанса деп күтті. Біз бүгін әлем чемпионына осылай құрмет көрсетсек, ертең жастарымызды да спортқа қызықтыра аламыз, оларға да серпін береді», деді бейне үндеуінде Қ.Хамитов.