https://www.akorda.kz/
Екі елдің Президенті келіссөз барысында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты өзара тиімді байланыс нығайтатынын айтты.
Екі елдің басшылары инвестиция, су ресурстарын басқару, туризм және басқа да салалардағы жан-жақты қатынастарды одан әрі арттыру үшін зор мүмкіндік бар екенін бағамдады. Цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Сіздің елдің IT саласындағы тәжірибесі мол. Осы бағыттың болашағы зор екенін ескере отырып, мен Лиссабонға бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерделеу үшін арнайы делегация жіберемін. Қазақстан португалиялық серіктестермен тығыз байланыс орнатуға мүдделі», деді Қ.Тоқаев.
Келіссөз барысында әлемді толғандырып отырған өзекті мәселелер де талқыға салынды.
«Жаһандық ұйымдар аясында, ең алдымен, БҰҰ шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», деп жазылған хабарламада.