Президент • 20 Қыркүйек, 2023

Қазақстан мен Моңғолия арасында стратегиялық серіктестік орнайды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан мен Моңғолия арасында стратегиялық серіктестік орнайды

https://www.akorda.kz/

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті. Президент екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты», делінген ақпаратта.

Екі елдің президенттері кездесу барысында бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.