Фото: ҚМДБ
Ұлттық мереке Республика күніне орай, діни басқарма бірқатар ұлттық дәстүрді насихаттайтын шара ұйымдастырады.
Атап айтқанда, Орталық мешіт ауласында киіз үйлер тігіп, ұлттық ойындар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Балаларға арнап батут пен ойын әткеншектері қойылып, мешіт алаңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкелері өткізіледі.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен арнайы мерекелік ролик әзірленіп, қолөнер өнімдері мен каллиграфия көрмелерін жасау, мешіттер аулалары мен саябақтарда жамағаттың жәрдемімен сенбіліктер жасалып, еріктілердің көмегімен қарт кісілерге азық-түлік себеттерін үлестіру шаралары өтеді.
«Ең үлкен шарамыз – Бас мешітте «Республика күніне орай Құран Кәрімді жатқа оқудан І Халықаралық байқау» өткізуді жоспарлап отырмыз», деді бас мүфти.
Дін және дәстүр бөлімінің жетекшісі болып Нұрбек Есмағанбет тағайындалды.