Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2023

Словакияда «Қазақ киносы күндері» өтіп жатыр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словакияның бас шаһары Братислава қаласында Қазақстан Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және словакиялық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақ киносы күндерінің» ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Словакияда «Қазақ киносы күндері» өтіп жатыр

Фото: gov.kz

Биыл 110 жылдығы аталып өтіп жатқан Шығыс Еуропадағы алғашқы кинотеатрлардың бірі – аты аңызға айналған «Mladosť» кинотеатрында өтіп жатқан фильмдер тізімінде режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» және «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмдері, сондай-ақ режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы. Алтын тақ» дилогиясы көрермендерге көрсетіліп жатыр. Заманауи қазақ киносының жауһарлары қазақ халқының азаттық жолындағы қаһармандық күресі тарихын словак жұртшылығына таныстыруды көздейді.

Братиславадағы кинопремьерадан кейін Қазақстан фильмдері Словакияның басқа да бірқатар аймағында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған бұл мәдени шара Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы тарихында алғаш рет өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн.