Мереке • 22 Қыркүйек, 2023

Бұл күн ерекше өтеді

372 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні. Айтулы датаның мақсаты – қоғамдағы қарапайым еңбек адамының беделін өсіру, еңбек әулетіндегі көпжылдық дәстүрді одан әрі нығайту және еңбекшіл қоғам құру идеясын насихаттау.

Бұл күн ерекше өтеді

Елімізде 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жек­сен­бісінде Еңбек күні мереке­ле­ніп келеді. Биыл бұл айтулы күн 24 қыркүйекке тұспа-тұс келіп отыр. Еңбек күні күнтізбедегі ең­бек мерекесі ғана емес, еңбек са­па­сының көр­­сеткіші деуге де болады. Бұған тұрақты жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, еңбе­ка­­­қының лайықты деңгейі, әлеу­меттік кепілдіктер жатады.

– Еңбек күнін мерекелеу дәс­түрі әлемдік тәжірибеде бар. Қазір жер-жаһанның жүз­ден аса елі бұл күнді айрық­ша атап өтеді. Ал Жаңа Зелан­дия, Жапония, Қытай, Ресей, Бела­русь қатарлы елдерде бұл күн тіпті мемлекеттік мәр­те­беге ие. Біз де еліміздегі еңбек құн­дылығын арт­тыру мақ­са­­тында бұл күнге ай­рықша мән беріп отырмыз. Мере­ке қар­­саңында бірқатар шара өткізу жоспарланған, деді Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Министрліктің мәліметіне сен­сек, Еңбек күні аясында үздік еңбек әулеті мен өндірістің үз­дік жұмыс­керлерін анықтауға бағыт­­тал­ған жыл сайынғы «Еңбек жо­лы» республикалық бай­қауына биыл 591 өтініш қабыл­даныпты.

– Өңірлік кезеңнің жеңім­паз­дарын облыс әкімдерінің орынба­сарлары басқаратын комис­сия­лар­дың қазылығымен анық­талып, сал­танатты түрде ма­­рапат­та­лады. Жеңімпаздар бай­­­қаудың респуб­ли­калық ке­­зе­ңіне жолдама алады. Ал рес­публикалық кезеңнің же­ңім­паздарын Еңбек министр­лі­гінің жанындағы комиссия баға­лай­ды. Ол комиссия құра­мын­да Парламент депутаттары, қоғамдық келі­сім мен әлеу­меттік әріптестік өкіл­дері кіре­ді, дейді вице-министр.

Сонымен қатар Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет респуб­ли­калық және өңірлік деңгейде еңбек адамын насихат­тау мақ­са­тында ауқымды ақпа­раттық жұмыстар жүргі­зіліп жатқанын жеткізді.

– 24 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасында 4 са­ғат­тық теле­марафон өтеді. Бұл теле­ма­ра­фонның басты мақ­саты – Еңбек күніне орай өн­дірісте, ауыл шаруашы­лы­ғында, әлеуметтік салаларда жұмыс істеп жатқан азамат­тар­дың еңбегін көр­сету. Бұған қоса Еңбек күнін атап өтуге байланысты телесериалдар, арнайы бағ­дарламалар да шығады, деді С.Ділдахмет.

Сондай-ақ вице-министр мереке қарсаңында еңбек құн­ды­лықтарын арттыру мақ­са­тында еңбек адамдары мен түрлі кәсіп өкілдері туралы де­ректі фильмдер түсіру, ақпа­рат­тық материалдар, роликтер, сюжеттер шығару, сту­дент­тік пікірталастар, «Еңбек га­­­ле­реясы» атты фото­көр­мелер және спорттық шаралар өткі­зі­ле­тінін айтты.

«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары 22 қыркүйек күні Аста­нада Еңбек күніне орай өтетін форум барысында жариялана­ды. Жеңім­паздарға ақ­шалай сертификаттар мен есте­лік сыйлықтар табыс еті­леді.