Фото: https://parlam.kz/
Қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында құмар ойынға тәуелділік мәселесі қаралып, Президент лудоманияға қатысты кешенді шаралар қабылдау қажеттігін тапсырған еді.
Спорт және туризм вице-министрі Ержан Еркінбаев лудомания саласында біраз жұмыс атқарылып жатқанына назар аударды. Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов халық арасында ойын бизнесі проблемаларының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, Президенттің алға қойған міндеттерін ескере отырып, лудоманиямен күреске бағытталған шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстелге жетекшілік еткен Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жиынды қорытындылап, көтерілген мәселе шешімін табуы тиіс екенін айтты.