Сенат • 23 Қыркүйек, 2023

Сенаторлар Маңғыстауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

723 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Маңғыстау облысында өткізіп,  шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін талқылады,  деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сенаторлар Маңғыстауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

senate.parlam.kz

Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев жетекшілік еткен көшпелі отырыста Президенттің  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында атқарылар шаруа айтылды.  Мемлекет кәсіпкерлерге экономикаға инвестиция салуға, салықтарды адал төлеуге, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін бизнесті дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздейтіні ескертілді. Комитет мүшелері  маңғыстаулық кәсіпкерлерге  осы жылдың қараша айында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тақырыбында үкіметтік сағат өткізуді жоспарлағанын жеткізді.

«Бүгін отырыста орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып Маңғыстау облысындағы шағын және орта бизнестің жүйелі мәселелері қаралды. Өз кезегінде, бизнес өкілдері тарапынан нақты мәселелер мен ұсыныстар айтылады. Оларды комитеттің бұдан былайғы заңнамалық жұмысында қарастыру және ескеру қажет деп санаймын. Қажет болған жағдайда орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамаға тиісті түзетулер дайындау қажет», деді  С.Алдашев.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі сенаторларға өңірдегі ахуалды баяндады.  Маңғыстау облысы 7 айдың қорытындысы бойынша субсидиялау бойынша қолдау алған жобалар бойынша 1 орынды (560 жоба) және кредиттеу сомасы бойынша 5 орынды (23 млрд теңге) иеленгені айтылды. Сенат депутаттары «Ақтау теңіз порты» АЭА, Ақтау теңіз солтүстік терминалы, «Саржа» көлік-логистикалық орталығы, Құрық порты және өңірдің басқа да бірқатар нысанын аралады.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше